Жұмысшы мамандықтар жылына арналған іс-шаралар жоспары аясында Тұран ауданының Мансап орталығы мамандары жастарды цифрлық еңбек нарығына бағыттау жұмыстарын жалғастыруда. Мамыр айында орталық қызметкерлері Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Оңтүстік Қазақстан академиясы жанындағы медициналық колледж түлектерімен арнайы кездесу өткізді.
Кездесу барысында бітіруші студенттерге Skills.enbek.kz платформасында орналастырылған «Сенің мансаптық бастамаң: электрондық еңбек биржасын қалай пайдалануға болады» атты тегін онлайн-курсты меңгерудің жолдары түсіндірілді.
Аталған курс түлектерге өндірістік практикадан өту, жұмыс іздеу, жұмысқа орналасу, сондай-ақ онлайн форматта әңгімелесуден өту дағдыларын үйренуге мүмкіндік берді.
Нәтижесінде 115 бітіруші түлек «Электронды еңбек биржасы» бірыңғай цифрлық платформасын пайдалану бойынша білімін жетілдіріп, арнайы сертификаттарға ие болды.
Жастардың еңбек нарығына бейімделуіне бағытталған бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын таппақ.