Шымкентте Отбасы күніне орай аналарға құрмет көрсетілді

Шымкентте Отбасы күніне орай аналарға құрмет көрсетілді

     Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Халықаралық отбасы күніне орай “Ана – өмірдің шуағы” атты мазмұнды іс-шара өтті.
     Ішкі саясат және жастармен жұмыс басқармасымен бірлесе ұйымдастырылған шарада аналар мен балаларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау жайы кеңінен сөз болды. Іс-шара барысында аналардың құқығын қорғау, олардың қоғамдағы рөлі және өмірлік қиын жағдайлардан шығуына көмек көрсетуге бағытталған жұмыстар таныстырылды.
     Аталған орталық жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген 37 ана мен 92 балаға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсеткен. Қазіргі таңда мұнда 10 ана мен 23 бала түрлі қолдауға ие болуда.
     Орталықта ұсынылатын 8 түрлі арнаулы әлеуметтік қызметтің қатарында әлеуметтік-психологиялық, құқықтық, тұрмыстық және мәдени бағыттағы көмектер қамтылған.
Жиын соңында аналарға сый-құрмет көрсетіліп, мерекелік көңіл-күй сыйланды.