«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 Заңына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» және Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 64-Ө бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.
Осыған орай, аталған талдауға байланысты ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңіз болған жағдайда интернет желісінде және қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу жөніндегі және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Касымова Гульжазира Илесовнаның 8(7252)24-74-41, +7 775 794 91 61 телефондарына немесе g.kasymova@shymkent.gov.kz электрондық поштасына хабарлама қалдыруға болатынын ескертеміз.