Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне орай Шымкент қаласында ардагерлер мен әскери қызметшілердің отбасыларына бір реттік әлеуметтік төлемдер қарастырылды. Бұл шаралар Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы №14/123-VIII шешімі негізінде жүзеге асырылуда.
7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай:
🔷Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген 166 ардагерге 45 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (176 940 теңге) бір реттік көмек көрсетіледі. Бұл мақсатқа бюджеттен 29,4 миллион теңге бөлінді.
9 мамыр – Жеңіс күніне орай:
🔷Ұлы Отан соғысына қатысқан 2 ардагерге 1 272 АЕК немесе 5 001 504 теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек беріледі. Жалпы қаралған қаржы – 10 миллион теңге.
Сонымен қатар:
🔷Тыл ардагерлеріне, ҰОС мүгедектерінің жесірлеріне және қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 15 АЕК (58 980 теңге) көлемінде төлем қарастырылған. Бұл санатқа кіретін 1 826 азаматқа жалпы 107,6 миллион теңге бөлінген.
Осылайша, 7–9 мамыр мерекелері қарсаңында барлығы 1 994 ардагер мен ардагерлердің отбасылары мемлекеттік қолдауға ие болады. Бір реттік төлемдерге бөлінген жалпы сома – 147,1 миллион теңгені құрап отыр.
Бұл игі шаралар — еліміздің бейбіт өмірі мен еркіндігі үшін күрескен азаматтардың ерлігін ұлықтауға бағытталған маңызды қадам.