Шымкент қаласының қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) 2025 жылғы 7 сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу» туралы № 64-ө бұйрығына сәйкес Басқармада 14.04.2025 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлаймыз!
Ішкі талдау жүргізу мерзімі 14.04.2025-26.05.2025 жыл аралығында жүргізіледі. Егер де, Сізде Басқарма қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс пікірлеріңіз болса төмендегі көрсетілген телефон нөмірге, инстаграмм парақшаға немесе электронды мекенжайға жолдауды сұраймыз.
Тел: 87252-77-11-03
Инстаграмм парақша: @shymkent_aleumettik_korgau
Эл.пошта: g.kasymova@shymkent.gov.kz