ӘЛЕУМЕТТІК САЛА МАМАНДАРЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ СҰХБАТ БЕРДІ

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА МАМАНДАРЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ СҰХБАТ БЕРДІ

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА МАМАНДАРЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ СҰХБАТ БЕРДІ

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы БАҚ-пен тығыз-қарым қатынаста жұмыс істейді. Бүгін басқарма басшының орынбасары Сабыржан Арапбай мен Абай аудандық мансап орталығының «Әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімінің басшысы Әуезхан Төлепберген «ONTUSTIK» телеарнасының «Оймақтай ой» бағдарламасы арқылы тікелей эфирде сұхбат берді.

Сабыржан Арапбай өзі жетекшілік ететін мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін көмектер мен әлеуметтік төлемдер жайында сөз қозғаса, Әуезхан Төлепберген атаулы әлеуметтік көмек жайында айтты.

Тікелей көрсетілім барысында тұрғындар тарапынан телефон мен Уатсап желісі арқылы сұрақтар келіп түсті. Спикерлер әр сұраққа жауап қатып, мәселені заң шеңберінде шешу жолдарын түсіндірді.

Мұнан кейін әлеуметтік сала өкілдері телеарнаның «Жаңалықтар» бөлімінің тілшісі Күнту Арынбекке сұхбат беріп, басқарма тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жайында баяндап берді.