Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше қажеттілігі бар адамдарға тең мүмкіндіктер жасау туралы тапсырмасының орындалуы бойынша қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен бейне байланыс арқылы мәжіліс өтті.

Мүгедектерге қолайлы орта құру мәселесі бойынша атқарылған жұмыстар жайын баяндаған қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Қасымбек Сайлауов осы жылы қалада 37014 мүгедек азаматтар есепте тіркелгенін айтып өтті.

Оның айтуынша, ерекше қажеттілігі бар адамдарға тең мүмкіндіктер жасау мақсатында бүгінгі таңда қала бойынша 931 нысанда мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына бейімделген және есіктердің арақашықтығы мен дәретхананы сәйкестендіру жұмыстары жасалған.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта құру бағытында бірқатар проблемалық мәселелердің бар екенін айтқан мекеме басшысы ғимараттарда мүгедектерге арналған нысандардың стандартқа сай жабдықталмай жатқанын назарға алды.

Баяндамашыны мұхият тыңдаған Мұрат Дүйсенбекұлы мүгедектерге қолайлы жағдай жасай алмасақ, олардың күнделікті өмірінде кездесетін қиындықтардың шешімі табылмайтынын айтты. Олардың қоғамға араласып, қажетті нысандарға емін-еркін кіріп шығуына қолайлы жағдай жасау әрбір мекеме, ұжым басшыларының басты міндеті. Сондықтан қолайлы орта жасау жұмыстарына барша мекемелер жұмыла кірісуі қажет деді,-қала әкімі.

Бұдан бөлек, шаһар басшысы мүгедектерге жасалған қолайлы жағдайдың талапқа сай жүргізілуін бақылау мақсатында аудитпен бірге рейдке шығуды тапсырды. Оның қорытындысы бойынша баяндап, нәтижеге қол жеткізу үшін арнайы жұмыс жоспарын әзірлеуді айтты.