Шымкентте әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға тегін бетперде таратылады

Шымкентте әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға тегін бетперде таратылады

Шымкентте әлеуметтік жағынан осал отбасыларға тегін маскалар таратылады. Бұл туралы Қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, ертеңнен бастап аз қамтылған отбасылардың әрқайсысына төрт Маска беріледі. Сонымен қатар, ол инфекция жұқтырған азаматтар тұратын Абай ауданында "Тәуелсіздікке 20 жыл"тұрғын үй алабының барлық тұрғындары үшін тегін маска таратылғанын атап өтті.

Брифинг барысында спикер 28 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап Шымкентте инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қосымша шектеу шаралары енгізілгенін хабарлады. Толығырақ shymkent.gov.kz сайтта.