Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы мамандығы бойынша жұмыс іздеп жүрген жастарды "Жастар практикасы" бағдарламасына қатысуға шақырады.
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысына сәйкес, 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында ұйымдастырылатын жастар практикасы уақытша жұмыс орны ретінде қарастырылған. Бұл білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында ұйымдастырылатын 6 айлық жұмыс.
Бағдарлама талабына сай, қатысушының жасы 29-дан аспауы тиіс және «жұмыссыз» мәртебесі болуы шарт. Сонымен қатар, өз мамандығы бойынша соңғы үш жыл ішінде (2020-2022ж.) еңбек өтілі жоқ жоғарғы оқу орындары мен колледждердің түлектері қатыса алады. Бағдарламаға қатысуға ниетті жастар тіркелген мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту орталықтарына жүгіне алады.
Мекен-жайлары:
Абай ауданы бойынша: Ұ.Арғынбеков көшесі, 243/3
Еңбекші ауданы бойынша: Күншығыс м/а, Жолан батыр көшесі 115/2
Әл-Фараби ауданы бойынша А.Байтұрсынов және Ұ.Арғынбеков көшелерінің қиылысы, А.Байтұрсынов көшесі, 201.
Қаратау ауданы бұрынғыдай «Нұрсәт» мөлтек ауданы, С.Бәйтереков, 89 мекен-жайында орналасқан қалалық жұмыспен қамту орталығына қарайды.
Айта кетсек, биыл қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан 2000 жасты аталған бағдарлама аясында жұмыспен қамту жоспарланған. Жастар практикасы бойынша тәжірибе жинақтап жүрген түлектерге 25 айлық есептік көрсеткіш (76 575 тг) мөлшерінде жалақы төленеді.
Жалпы, былтырғы жылы 2500 мыңнан астам жастар аталған бағдарламамен жұмыспен қамтылып, оның 1300-ге жуығы тұрақты жұмысқа орналасты.