«КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 250-ДЕН АСТАМ НЫСАН СӘЙКЕСТЕНДІРІЛЕДІ

«КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 250-ДЕН АСТАМ НЫСАН СӘЙКЕСТЕНДІРІЛЕДІ

Шымкент қаласында «Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында 259 нысанды мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ыңғайына қарай сәйкестендіру жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 195 нысанда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, талапқа сәйкес келмегендерге ескерту берілді.

Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, қоғамдық орындар мен сауда орталықтарында мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін қозғалуы үшін тиісті аяқжолдар мен пандустардың ыңғайлылығы тексерілді. Сондай-ақ кедергісіз орта жасақтауда қамкөңіл жандардың ұсыныс-тілектері ескеріледі. Қала көшелерінде біркелкі замауани үлгіде аялдама павильондарын орнату жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Биылғы жылы 250 аялдаманы мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы етіп жабдықтау жоспарланған.

Жалпы, Шымкент қаласында бүгінгі таңда 36 928 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген.