МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА САЙЛАУҒА ҚАТЫСУҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ

МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА САЙЛАУҒА ҚАТЫСУҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ

     🔷 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында Шымкент қаласында мүгедектігі бар азаматтардың өз сайлау құқығын еркін жүзеге асыруы үшін қажет жағдай жасалуда.

     🔷 Бүгінде қалада 43 428 мүгедектігі бар адам тіркелген. Сайлау күні дауыс беру учаскесіне өздігінен келе алмайтын немесе тірек-қимыл функциясында бұзылысы бар жандардың сайлауға қатысуына назар аударылады. Қазіргі таңда қалада «Инватакси» қызметін алушылардың арасында 18 жасқа толған, дауыс беруге құқылы 329 азамат бар.

     🔷 Сайлау күні «Инватакси» көліктері азаматтарды тұрғылықты мекенжайынан сайлау учаскесіне жеткізіп, дауыс бергеннен кейін қайтадан үйіне апарады. Көліктердің жұмыс кестесі сайлау учаскелерінің жұмыс уақытына сәйкес ұйымдастырылады.

     🔷 Көлікке мұқтаж азаматтардан өтінімдер сайлауға 1-2 күн қалғанда алдын ала қабылданады. Бұл азаматтардың барлығын мүмкіндігінше көлікпен қамтуға мүмкіндік береді.