24 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ

24 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ

     🔷 Шымкент қаласында 2026 жылы 31 398 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 24 731 адам қамтылып, жоспар 78,8%-ға орындалды.

     🔷 Оның ішінде 15 964 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 2 440 адам уақытша жұмыс орындарына тартылды. Сонымен қатар, 6 327 адам онлайн платформа арқылы кәсіби білім алуға жолданды.

     🔷 Еңбек мобильділігі орталығы арқылы 15 302 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Кәсіби білім беру бағытында 3 660 адамды оқуға жолдау жоспарланғанымен, нақты 3 785 адам білім алуға жіберілді. Нәтижесінде жоспар 103,4%-ға орындалды.

     🔷 Кәсіпкерлікті дамыту бағытында 2 530 адамға қолдау көрсету жоспарланып, нақты 2 645 азаматқа қолдау көрсетіліп, 104,5 пайызға орындалды.

     🔷 «Бастау Бизнес» жобасы аясында 2 130 адамды кәсіпкерлік негіздерге оқыту жоспарланса, нақты 2 542 адам оқуға тіркелді. Көрсеткіш 119,3%-ды құрады.

     🔷 Сонымен қатар, 400 азаматқа қайтарымсыз грант беру жоспарланып, бүгінгі таңда 103 адам грант иеленді. Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 2 336 адам жұмысқа жолданды.

     🔷 Қазіргі таңда 6 535 адам тұрақты жұмысқа орналасты.