ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ – ЕҢ АСЫЛ ПАРЫЗ

ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ – ЕҢ АСЫЛ ПАРЫЗ

     Мемлекеттік қызмет – халық сенімін арқалаған абыройлы міндет. Бұл сала жоғары кәсібилікті, адалдықты, жауапкершілік пен елге деген шынайы жанашырлықты талап етеді.

     Бүгінде Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында 56 мемлекеттік қызметші халық игілігі жолында еңбек етуде. Әріптестеріміздің қажырлы еңбегінің арқасында әлеуметтік қорғау саласындағы маңызды міндеттер табысты жүзеге асырылып келеді.

     Мереке қарсаңында әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру бөлімінің бас маманы Алмира Сайлауқызы Байырбековаға «Мемлекеттік қызмет ардагері» ведомстволық наградасы табысталды.

     Сондай-ақ, қала әкімінің Алғыс хатымен келесі әріптестеріміз марапатталды:

 - Ұлбике Ақылбайқызы Айтпенбетова
 - Сәрсенбай Әлиақбарұлы Алтынбеков
 - Мейірлан Шәкірұлы Әбілов
- Әлібек Нұрланұлы Құдайбергенов
- Альбина Жұманқызы Мырзасалиева
- Жадыра Жақсыбекқызы Адилова
- Ақбөпе Бейбітқызы Мокенова

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймын!

      Өзімнің еңбек жолымның 27 жылға жуық уақытын мемлекеттік қызметке арнадым. Осы жылдар ішінде мемлекеттік қызметтің басты құндылығы – халыққа адал қызмет ету екеніне көзім жетті.

     Барша мемлекеттік қызметшілерге зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс және ел игілігі жолындағы қызметтеріне толағай жетістік тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!