АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

   

     🔷 Шымкент қаласында 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 2 872 адам арнаулы әлеуметтік қызметтер аясында оңалту шараларымен қамтылды. Оның ішінде:

     🔷 Стационарлық жағдайда – 808 адам;
     Жартылай стационарлық жағдайда – 618 адам;
     Уақытша болу жағдайында – 273 адам;
     Үйде қызмет көрсету жағдайында – 1 173 адам.

     🔷 Ерекше қажеттілігі бар азаматтарды арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту мақсатында бірқатар жоба жүзеге асырылуда. №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына қосымша 50 орынды ғимаратының құрылысы аяқталып келеді. Бүгінде Құрылыс басқармасы тарапынан нысанды қабылдау актісін рәсімделуде.

     🔷 Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес екі жаңа орталық құрылды. Қазіргі уақытта «Балауса» №11 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы және №12 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жұмыс істеп тұр.

     🔷 Сондай-ақ, Шымкент қаласында 150 орынды мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталығы салынуда. Бүгінде нысанның 60 пайызы аяқталды. Құрылысты 2026 жылдың желтоқсан айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.