
🔷 Шымкенттік көп балалы ана Гүлжан Жандарәлі 2025 жылы бизнес-жобасын қорғап, 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз грант алды.
🔷 Мамандығы фельдшер ананың медицина саласында 10 жылдық тәжірибесі бар. Соның ішінде балалар массажы бағытында 5 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. Мемлекеттен алған қайтарымсыз грантқа екі гидро-ванна құрылғысын сатып алған.
🔷 Бүгінде балалар мен ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндерді оңалтуда гидро-ваннаның өзіндік орны бар. Гүлжан Нұрбекқызы осы құрылғылардың көмегімен қызмет көрсету ауқымын кеңейтіп, массаж алған балалардың ем нәтижесі де оң көрсеткіш беріп келеді.
🔷 Мемлекеттік қолдауға дейін бір айда 30 балаға массаж жасалса, заманауи құрылғылардың көмегімен бұл көрсеткіш 50 балаға жеткен. Сонымен қатар, бір адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
🔷 Айта кетейік, Шымкентте 2025 жылы комиссия шешімімен әлеуметтік санаттағы 431 адамға қайтарымсыз грант берілді. Биыл осы бағытта әлеуметтік санаттағы 400 адамның бизнес-жобасына қолдау көрсету жоспарланып отыр.