Зейнеткерлердің шипажай кезегіне тіркелуі geo-shym.kz сайты арқылы автоматтандырылған

Зейнеткерлердің шипажай кезегіне тіркелуі geo-shym.kz сайты арқылы автоматтандырылған

     Шымкент қаласында зейнеткерлерді шипажайға жолдама беру жүйесі жаңа деңгейге көтерілген. Енді кезекке тұру процесі толық автоматтандырылып, тұрғындарға қолайлы болу үшін geo-shym.kz порталы арқылы онлайн форматта жүзеге асырылады.

     Шипажайға жолдама алу үшін үйден шықпай-ақ компьютер немесе ноутбук арқылы тіркелуге болады. Ал егер мұндай құрылғыларды пайдалану қиындық туғызса, жақындарыңыздың – балаларыңыз бен немерелеріңіздің көмегіне жүгіну ұсынылады.

     Қауіпсіздік үшін әлеуметтік желілерде «кезекке тіркеп беремін» деген ақылы ұсыныстардан бас тартуға шақырамыз.

     Жеке деректерді, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілттерінің құпия сөздерін бөгде адамдарға беру – алаяқтық әрекеттерге жол ашуы мүмкін.

     Осындай тәуекелдердің алдын алу мақсатында, тіркелу барысында қиындықтар туындаған жағдайда, зейнеткерлер Бәйтереков көшесі, 89 мекенжайында орналасқан басқармаға келіп, білікті мамандардың тегін көмегіне жүгіне алады.

     Сақ болыңыз, жеке деректерді бөгде адамның қолына өтуіне жол бермеңіз!