
1. Ерікті өңіраралық қоныс аудару аясында нақтырақ қандай материалдық көмектер бар?
Жауап:
Мемлекеттік қолдау келесіні қамтиды:
Қалалық жерге қоныс аударғандар үшін:
- бір адамға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (86500 теңге).
- отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болса 25 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (108125 теңге);
- бес және одан көп отбасы мүшелерінің саны кезінде 30 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (129750 теңге);
Ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
- бір адамға 15 айлық көрсеткіш мөлшерінде (64875теңге);
- отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болған кезде 18 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (77850 теңге);
- отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған кезде 21 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (90825 теңге).
Экономикалық ұтқырлық сертификаты қандастарға және қоныстанушыларға келу аймағындағы тұрақты тұратын елді мекеннен тұрғын үй сатып алу кезде жылжымайтын мүліктін құнын бағалай отырып, алдын ала сатып алу-сату шартын немесе сатып алу-сату шартын ұсынған кезде беріледі.
Экономикалық ұтқырлық сертификаты отбасына тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде, бірақ 1625 АЕК (7 028 125 теңге) аспайтын мөлшерде беріледі.
2 . "Ата жолы" картасы дегеніміз не?
Жауап:
"Ата жолы" картасы – халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен бизнес-көшіп келушілерге не этникалық қазақтар қатарынан сұранысқа ие кәсіптері бар адамдарға он жылға дейінгі мерзімге, бірақ азаматтығы бар ел паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге берілетін белгіленген нысандағы құжат.
3. Шетел азаматы Қазақстан Республикасында қалай жұмысқа орналасуға болады?
Жауап:
«Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны білгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бәлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №274 қаулысының 2-тарау 6-тармағында;
Жұмыс берушілер жыл сайын 1 қазанға дейін шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделетін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына осы-Қағиданың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігі жөнінде өтінімдерін ұсынады.
Осыған орай, алдағы жылға шетел жұмыс күшінің қажеттілігі жөнінде өтінім беруіне болады.