
Шымкент қаласында орналасқан Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжі базасында жұмыспен қамту мәселелерін түсіндіру және enbek.kz платформасы арқылы мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларын насихаттау мақсатында кіші бос жұмыс орны жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шара халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат беру жоспары аясында өткізілді.
Жәрмеңке нәтижесінде 15 мекеме қатысып, 818 бос жұмыс орны ұсынылды. Іс-шараға 70-тен астам адам қатысып, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізілді:
🔷12 адам тұрақты бос жұмыс орнына орналасты;
🔷5 адам субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама алды;
🔷25 адамға www.enbek.kz ресми порталы арқылы «Жұмыс іздеуші» ретінде тіркелуге көмек көрсетілді;
🔷28-ден астам қатысушыға қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, мемлекеттік қайтарымсыз гранттар, «Қарызсыз қоғам» жобасы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және өзге де бағдарламалар аясында кеңестер берілді.