
Шымкент қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығына қарасты Қаратау ауданы бойынша Мансап орталығының қызметкерлері Қаратау аудандық пробация қызметінің инспекторларымен бірлесіп ақпараттық жиын өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты - пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шаралары туралы кеңінен ақпараттандыру. Атап айтқанда, тұрақты жұмыс орындары, мемлекеттік гранттар, кәсіптік даярлау курстары, уақытша жұмыс орындары, әкім қаулысымен бекітілген квоталық жұмыс орындары және өзге де бағдарламалар таныстырылды.
Жиынға пробация есебінде тұрған 20-дан астам азамат қатысып, бағдарламаға қатысуға ниет білдіргендерге өтінімдерді рәсімдеу, қажетті анықтамаларды онлайн алу, цифрландыруға қатысты өзекті сұрақтар талқыланды. Мамандар қатысушыларға кеңес беріп, мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалану жолдарын түсіндірді.