Заманауи мемлекеттік қызмет: Кәсібилік, әдептілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет

Заманауи мемлекеттік қызмет: Кәсібилік, әдептілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет

     Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында «Заманауи мемлекеттік қызмет:Кәсібилік, әдептілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті.

     Жиынға басқарма басшысы Жанат Өмірсейітқызы, басқарма басшысының орынбасарлары, бөлім басшылары мен сала мамандары және басқармаға қарасты орталық басшылары қатысты.

     Іс-шара барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қанат Керімханұлы Қадырбеков сөз сөйлеп, Мемлекеттік қызмет туралы заң жобасына енгізіліп жатқан өзгерістерге кеңінен тоқталды. Ол мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру, ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайтуға бағытталған реформалардың маңызын атап өтті. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның алдын кесуге бағытталған жұмыстарды басқарма тарапынан жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін жеткізді.

     Кездесу аясында Шымкент қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Мұратжан Акишев баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, ұжымда салауатты моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру және ішкі қарым-қатынас мәдениетін дамыту мәселелеріне назар аударды.

     Аталған жиын мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыруға, әдеп талаптарын қатаң сақтау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға бағытталған маңызды алаң болды.