
Мүгедектігі бар азаматтарды абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес протездік-ортопедиялық және техникалық көмекші құралдар, сондай-ақ арнаулы жүріп-тұру құралдары (олардың ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда) белгіленген қағидалар бойынша қамтамасыз етіледі.
Қазіргі таңда Шымкент қаласында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мүгедектігі бар азаматтарды жеке оңалту бағдарламасына сәйкес қажетті құралдармен қамтамасыз етуді жүзеге асыруда.
Ол үшін мүгедектігі бар азаматтар ЭЦҚ кілті арқылы Aleumet порталына өтінім беріп, өзіне қажетті құрылғыларды, олардың өлшемін және үйіне дейін жеткізушіні таңдап, тапсырыс жасай алады.
Бүгінде Aleumet порталының мобильді қосымшасы да жұмыс істейді. Мүгедектігі бар азаматтар мен балалардың қамқоршылары үйден шықпай-ақ қосымшаны жүктеп, қажетті қызметтер мен құралдарға тапсырыс бере алады.
Порталға интернет арқылы тапсырыс бере алмаған қала тұрғындарына мобильді қосымшаны қолдануға кеңес береміз.
Интернет алаяқтығы көбейген кезеңде өзіңізге қажетті құрылғыларға тапсырыс беру үшін ЭЦҚ кілтін үшінші тұлғаларға бермеуді, сондай-ақ бөгде адамдарға порталда тапсырыс рәсімдетпеуді сұраймыз.
Сонымен қатар кресло-арба, гигиеналық, сурдо-тифло техникалық құралдарды тек өзіңіз ғана пайдалануды, олардың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін ешкімге сатпауға немесе бермеуге кеңес береміз. Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз! Жеке деректер мен ЭЦҚ кілтін бөгде адамдарға тапсырмай, мобильді қосымшаны пайдаланыңыз.