ӘДЕП КОДЕКСІНІҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

ӘДЕП КОДЕКСІНІҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

     🔷Іс-шараға Шымкент қаласы әкім аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі М.Акишев пен Басқарманың бөлім басшылары мен қызметкерлері қатысты.

     🔷Жиын барысында Әдеп кодексі талаптарының бұзылуын, соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің күнделікті қызметінде, қызметтен тыс уақытта, халықпен кездесу кезінде өзін-өзі ұстауы мен көпшілік алдында сөйлеу кезінде әдеп нормаларына сай мінез-құлық қағидаларын сақтау, қоғам тарапынан сын туғызуы мүмкін жағдайларының орын алуын болдырмау жөнінде түсіндірілді.

     🔷Сондай-ақ, 2024 жылдың 8 шілдесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына енгізілген бірқатар түзетулерге сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеу пайда болды. Атап айтқанда, аталған Заңның 12-бабының 1-тармағы 6)-тармақшамен толықтырылып, мемлекеттік қызметшілерге ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға шектеу қойылды. Бұл ретте, құмар ойын мекемелеріне бару тәртіптік жауаптылықты көздейтін болса, құмар ойынына қатысу қызметтен босатуға алып келетінін ерекше атап өтілді.

     🔷Аталған бұзушылық жасаудан қорғау мақсатында, мемлекеттік қызметшілер тарапынан «eGov mobile» мобильді қосымшасы арқылы онлайн форматта құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан өзін-өзі шектеуді заңнама талаптарына сәйкес қолдану мәселесін қолға алу ұсынылды.