
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» және «№10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де сыбайлас жемқорлықтың алдын алуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы Қасымова Гүлжазира Ілесқызы, бас маманы Бағдат Мұхамединұлы және мекемелердің қызметкерлері қатысты.
Іс-шарада заңнамамен белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қатаң сақтау, қызмет көрсету кезінде ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дер кезінде анықтап, оларды азайту мен жоюға бағытталған нақты шаралар қабылдау қажеттілігі атап өтілді. Мұндай жүйелі жұмыс қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оған мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететіні айтылды.