ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: Жәрмеңкеде 105 тұрғын жұмысқа жолдама алды

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: Жәрмеңкеде 105 тұрғын жұмысқа жолдама алды

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: Жәрмеңкеде 105 тұрғын жұмысқа жолдама алды

🔷Жәрмеңкеге қала әкімі Ғ. Сыздықбеков, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б. Әлтеев, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Е.Байконысов және Солтүстік Қазақстан облысының делегациялары ерікті түрде қоныс аудару үшін қабылдаушы өңір ретінде қатысты.

🔷Іс-шараның мақсаты жұмысыз жүрген азаматтар, соның ішінде пробация қызметінде есебінде тіркеуде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және мүгедектігі бар азаматтар, жастар, көп балалы отбасылар мүшелерінің жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін тиімді пайдалану болып табылады.

🔷Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өздеріне қажетті бос жұмыс орындары, әлеуметтік пакет, айлық жалақы туралы ақпарат беріп, жұмыссыздармен сұхбаттасу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, 2024-2025 жылы жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында қайтарымсыз грант алған кәсіпкерлер өз өнімдерін ұсынды. Кәсіптік оқыту бойынша білім алып өз ісін ашқан кәсіпкерлерде халыққа өнімдерін таныстырды.

🔷Нәтижесінде іс шараға 700-ден астам адам катысып, оның ішінде:

✅86 адам тұрақты бос жұмыс орындары;

✅19 адам субсидияланатын жұмыс орындарына (алғашқы жұмыс орны, қоғамдық жұмыс, жастар практикасы) жолданды;

✅60 адам www.enbek.kz ресми порталы аркылы «Жұмыс іздеуші ретінде» тіркелуге өтініш білдірді;

✅56 адамға ерікті түрде қоныс аудару бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді;

✅12 адам еңбек нарығының сұранысына сәйкес кәсіптік оқытуға, 32 адам жана бизнес идеяларды іске асыру үшін кайтарымсыз грант алуға ниет білдірді;

✅Одан бөлек, ҚР Заңдары «Еңбек кодексі», «Әлеуметтік кодекс» бойынша заңнамалық кеңестер берілді.