
«Бос жұмыс орындары түріндегі тұзақтар»
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы жұмыспен қамту саласындағы қылмыскерлердің белсенділігі туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің (Мир 24 -https://mir24.tv/news/16649356/obman-s- trudoustrojstvom.-kak-raspoznat-moshennikov-pri-poiske- raboty, Рамблер - https://www.rambler.ru/pro/rabota/55487558-novye-shemy-obmana-rabotnikov-i-soiskateley-5-stsenariev-nazhivy/ , РИА новости - https://ria.ru/20251018/moshenniki-2049030356.html, 48RU- 48Thttps://48.ru/text/world/2025/10/12/76071048/, Известия - https://iz.ru/1962442/2025-09- 27/rossiianku-obmanom-uvezli-iz-tailanda-v-mianmu-dlia-raboty-v-call-tcentre, Новые известия - https://newizv.ru/news/2025-10-16/poehala-za-mechtoy-okazalas-v-lovushke-kak-ne-popast-v-rabstvo-pri-poiske-raboty-438072) мәліметтеріне сәйкес интернет-алаяқтар танымал платформаларда және әлеуметтік желілерде минималды талаптармен жоғары табыс ұсына отырып, жұмысқа орналасу туралы хабарландырулар жариялайды.
Жауап бергеннен кейін, іздеушілерге жалған сайттарға сілтемелер, жеке деректерді жинауға арналған сауалнамалар жіберіледі немесе зиянды бағдарламалық қамтылымы бар «жұмыс істеуге арналған мобильді қосымшаны» орнатуды ұсынады, бұл зиянкестерге банктік деректерге, мессенджерлерге және құрылғыны басқаруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, шетелде, оның ішінде Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде (Тайланд, Мьянма және т.б.) жұмыс істеу туралы жалған ұсыныстар да өзекті болып қалуда.
Азаматтарды IT, модельдік, қонақ үй бизнесі саласында немесе call- орталықтарға жұмысқа орналасу түрімен шетелге әкету үшін жалдайды, онда олар еңбек және сексуалдық құлдықта болуы, қанауға және зорлық- зомбылыққа ұшырауы мүмкін. Кейбір жағдайларда зардап шеккендерді басқа азаматтарды мәжбүрлеп алдау немесе дене мүшелерін трансплантациялау схемаларында пайдаланады.
Адам орналасқан фонға және қоршаған ортаға (бөлме, қойма, жатақхана), қасында әңгімені бақылап тұрған бөтен адамдардың болуына, кеңес берудің дыбысына, дауыс екпініне, бет әлпетіне (қорықып тұрғандай көрінеді, камераға қараудан бас тартады) назар аударыңыз.
Егер адам қоршаған ортаны көрсетуден бас тартып, сөйлеуден қорқып, қысқа немесе бір қалыпты сөйлессе - мүмкін оны бөтен адамдар бақылап тұр, мұндай жағдайларда полицияға хабарлауды ұсынамыз.