
25 қазан – Республика күніне орай өткен «Қызғалдақ» сарайындағы салтанатты мерекелік іс-шарада Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өмірсейітқызы Өтебаева «Ерең еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Марапатты Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімәжітұлы Сыздықбеков табыстады.
Бұл жоғары марапат – әлеуметтік сала қызметкерлерінің қажырлы еңбегіне, азаматтардың әл-ауқатын арттыру жолындағы табанды еңбегіне берілген лайықты баға болып табылады.
Басқарма ұжымы Жанат Өмірсейітқызын шын жүректен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, отбасылық амандық және қызметте жаңа жетістіктер тілейді!
Біз әрдайым халық игілігі үшін қызмет етіп, әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру бағытындағы жұмыстарымызды жалғастыра береміз.