Басқарма басшысы тұрғындардың әлеуметтік салаға қатысты мәселесін тыңдады

Басқарма басшысы тұрғындардың әлеуметтік салаға қатысты мәселесін тыңдады

     Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева азаматтарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен шағымдарын тыңдады.

     Қабылдау «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» жобасы аясында қала тұрғындары үшін өтті.

     Кездесу кезінде тұрғындар әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, инватакси қызметін пайдалану, санаторийге жолдама алу, отбасылық және тұрғын үй мәселелеріне қатысты сауалдарын жолдады.

     Барлық өтініштер мұқият зерделеніп, тиісті заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көптеген өтініштер бойынша нақты шешімдер қабылданып, оң нәтижеге қол жеткізілді. Мысалы, көпбалалы аналарға әлеуметтік қолдау алу тәртібі түсіндіріліп, зейнеткерлерге арналған көмек түрлері жайлы толық ақпарат берілді.

     Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандардың инватакси және гигиеналық құралдармен қамтылуы бойынша мәселелер шешімін тапты.