Тазалық науқаны Бозарық шағынауданында өтті

Тазалық науқаны Бозарық шағынауданында өтті

     Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы экологиялық мәдениетті арттыру және қала аумағын таза ұстау мақсатында кезекті сенбілік шарасын өткізді. Бұл жолы тазалық науқаны Бозарық шағынауданының Аңырқай көшесінде ұйымдастырылды.

     Науқанға басқарманың қызметкерлері мен ерікті тұрғындар белсенді қатысты. Қатысушылар қолдарына қолғап пен қап алып, жол жиегін, жаяу жүргіншілер жолдарын, жасыл аймақтар мен ирригациялық арықтарды қоқыстан тазалады.

     Мұндай экологиялық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Мақсат – қала тұрғындары арасында тазалық пен тәртіп мәдениетін қалыптастыру, әрбір азаматты өз ауласын, көшесін таза ұстауға шақыру.

     Сенбілік соңында қатысушылар бірлескен суретке түсіп, игі істің жалғасын табуына тілек білдірді.