Инватакси қызметіне жаңа ереже енгізілді

Инватакси қызметіне жаңа ереже енгізілді

     Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау тәртібі өзгерді. Аталған ереже 2025 жылдың 29 тамыз күні 284 бұйрығына сәйкес енгізілді.
     Көлік министрлігінің жаңа бұйрығына сәйкес, қызметті жергілікті атқарушы органдар портал арқылы немесе мемлекеттік сатып алу заңнамасына сай ұйымдастырады.

     Инватакси пайдалана алатындар: бірінші және екінші топтағы мүгедектер, арбаға таңылған азаматтар және он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар.Екінші және үшінші дәрежелі өзіне-өзі қызмет көрсету және өзінің мінез- құлқын бақылау қабілеті шектелген ауыр және айқын психикалық бұзылулар.

     Айына бөлінетін уақыт мөлшері: бірінші және екінші топтағы жұмыс істейтін мүгедектерге 25 сағат, білім алатын балаларға 25 сағат, басқа санаттағы азаматтарға 6 сағат. Бір сапардың ең аз ұзақтығы 30 минут болып белгіленді.

     Пайдаланылмаған сағаттар келесі айға ауыспайды. Қажет болған жағдайда сағат санын арттыруға жергілікті бюджет мүмкіндігіне қарай жол беріледі.

     Қызмет мүгедектік тобы өзгергенде, тұрғылықты мекенжай ауысқанда немесе азамат елден кеткен жағдайда тоқтатылады.

     Айта кетсек, Шымкент қаласында арнайы жабдықталған 38 Инватакси қызметіне 528 мүгедектігі бар азамат жүгініп, қызмет алуда. Оның ішінде 231 азамат қоларбада, 293-і жеке көмекшімен бірге тасымалданады.