Шымкентте әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша тұрғындармен кездесу өтті

Шымкентте әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша тұрғындармен кездесу өтті

     Шымкент қаласындағы «Белсенді ұзақ өмір» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде халықпен қоғамдық кездесу ұйымдастырылды.

     Іс-шараға Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының әлеуметтік көмек тағайындау және төлемдерін жүргізу бөлімінің мамандары мен қала тұрғындары қатысты.

     Кездесу барысында мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген цифрлық платформа негізінде жүзеге асырылып жатқан пилоттық жобаның скорингтік моделі таныстырылды. Аталған жоба білім беру, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй қатынастары және дене шынықтыру салаларындағы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

     Жиын соңында тұрғындар өзекті әлеуметтік мәселелерді көтеріп, мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі толық жауаптар берілді.