Шымкентте мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселелері талқыланды

Шымкентте мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселелері талқыланды

Шымкентте мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселелері талқыланды

Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары К.Турлыбековтың төрағалығымен кеңейтілген мәжіліс өтті.

Жиынға қала әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімінің бас инспекторы Т. Қышқашев, басқарма құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ мамандары қатысты.

📌 Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:
🔹 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
🔹 Қызметтерді оңтайландыру бойынша ұсыныстарды қарастыру;
🔹 Қолданыстағы заңнама мен стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету.

Мәжіліс барысында мемлекеттік қызмет көрсету процесінде жіберілген кемшіліктерге талдау жасалды.

🔸 Басқарма қызметкерлеріне мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеліп, мұндай олқылықтарға жол бермеу қажеттігі қатаң түрде ескертілді.