Жария талқылау өткізілді

Жария талқылау өткізілді

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында  Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында жүргізілген ішкі талдау жұмыстарының қорытындысымен анықталған тәуекелдерді және оларды жою жөніндегі ұсынымдарды жария талқылау өткізілді.

Жария талқылау Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ішкі талдауды жүргізген басқарма басшысының бұйрығымен құрылған жұмысшы тобы және AMANAT партиясының Абай аудандық филиалының атқарушы хатшысы, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі-Иманқұлов Әбдез Рахманұлы қатысты.

Жиын барысында жүргізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығы, сыбайлас жемқорлыққа әсерін тигізетін өзекті мәселелерді шешу бойынша пікірлер мен ұсыныстар айтылып, оны жоюды және алдын алу туралы сөз қозғалды.