
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары А. Кәрімовтің төрағалығымен күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша кеңесі өткізілді.
Кеңес барысында, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Ұйымдастыру - жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы генерал-майор А. Исабеков 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанының қорытындысын, орын алып отырған проблемалық мәселелерді баяндай отырып, күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанын жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.
➜ Жиын қорытындысымен, құзырлы мемлекеттік органдардың жауапты өкілдеріне күзгі мерзімді әскерге шақыру іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуге байланысты тиісті тапсырмалар берілді.