
Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жұмылдыру және жауынгерлік даярлау мақсатындағы негізгі іс-шараларының жоспарына сәйкес, Шымкент қаласында командалық-штабтық жұмылдыру жаттығуының екінші кезеңі өткізіліп, қорытындыланды.
Командалық-штабтық жұмылдыру жаттығуы барысында, Шымкент қаласы аумақтық қорғанысының 50120 әскери бөлімінде жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында әскери міндеттерді қабылдауға арналған жасақтау пункті және «Shymkent Bus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің автобус паркінде есепке алынған автокөліктерді қабылдаудың практикалық жағдайлары таныстырылды.