Республикалық оқу - әдістемелік жиыны бойынша

Республикалық оқу - әдістемелік жиыны бойынша

Республикалық оқу - әдістемелік жиыны бойынша

 

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 2025 жылға арналған негізгі оқу іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 2 - 4 шілде аралығында әкімдердің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшілерімен, әкімдіктердің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармаларының бастықтары (аумақтық қорғанысты жоспарлауға жауапты), өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің және десанттық-шабуылдаушы әскерлер қолбасшылықтары басқармаларының аумақтық әскерлері бөлімдерінің бастықтары, аумақтық қорғаныс бригадаларының командирлерімен Республикалық оқу - әдістемелік жиыны өткізілді.

Республикалық оқу - әдістемелік жиынының мақсаты:

1.Аумақтық әскерлердің күнделікті қызметін және жауынгерлік даярлығын ұйымдастыруда ортақ көзқарасты дамыту;

2.Оқу-жаттығу жиынына қатысушылардың аумақтық қорғаныс бөлімдері мен бөлімшелерінің жауынгерлік үйлестіру іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу, аумақтық қорғаныс тапсырмаларын орындау кезінде оларды басқаруды ұйымдастыру бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіру;

3.Жауынгерлік графикалық құжаттарды сынау кезінде оқу-жаттығуға қатысушылардың кәсіби (командирлік) дайындық деңгейін тексеру болып табылады.

         2025 жылдың 1 шілде күні жиынға қатысушылар арасында командалар құрылып, волейболдан жарыс ұйымдастырылды.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Кәрімовтің, Қарулы Күштері Бас штаб бастығының орынбасары генерал-майор А. Жоламановтың қатысуында                     2 шілде күні «Қызғалдақ» конгресс холлында оқу-әдістемелік жиынның ашылу салтанаты өткізіліп, аумақтық қорғаныс саласы аясында дөңгелек үстел және күн тәртібіндегі тақырыптар аясында топтарға арнайы дәрістер өткізілді. Сондай-ақ, жиынға қатысушыларға арналған «Қызғалдақ» конгресс-холл әртістерімен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

2025 жылғы 3 шілде күні «3-Энергоорталық» АҚ обьектісінде Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша мамандандырылған күзет қызметімен және аумақтық қорғаныс бригадасымен түрлі құқықтық режимдер кезінде дағдарыстық жағдайлардан қорғау бойынша практикалық сабақтар өткізіліп, объектіге тікелей және ұшқышсыз ұшу аппаратымен (дрон) шабуылдаудан қорғанудың практикалық жаттығулары көрсетілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының «Ақтас» оқу полигонында атыс дайындығы жаттығулары өткізілді.

Ағымдағы жылдың 4 шілдеcі күні «Қызғалдақ» конгресс холлда оқу бағдарламасына сәйкес, Аумақтық қорғанысын дамыту жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыруды талдау жағдайлары талқыланып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант
С. Камалетдиновтің төрағалығымен Республикалық оқу - әдістемелік жиыны қорытындыланып, жиынға қатысушылар мен ұйымдастырушылар Алғыс хаттармен марапатталды.