
Шымкент қаласының 35748 әскери бөлімінің 83 жылдығын
мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.
Салтанатты шараға бригада басшылығы, офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, сарбаздар, сондай-ақ әскери бөлімнің ардагерлері мен әскери отбасылар қатысты.
Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін адал атқарып, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, ерекше көзге түскен әскери қызметшілер марапатталды.
Ресми бөлім аяқталғаннан кейін бригаданың әскери оркестрінің солистерінің қатысуымен және Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама өтті.