Шымкент қаласының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының үйлестіруімен, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары А.Сатыбалдиев және Ғ.Сарыбаев Шымкент қаласы ТЖД қызметімен және Шымкент қаласы аумақтық қорғаныс күштерінің 50120 әскери бөліміне шақырылған тактикалық-арнаулы оқу-жаттығуға қатысушы әскери міндеттілермен «Ақтас» оқу-жаттығу полигонында барып кездесу өткізіп, атқарылып отырған жұмыстарымен, базалық материалдық ресурстарымен таныстырылды.
Кездесу барысында оларға азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің күнделікті жұмысы, материалдық-техникалық жабдықталуы көрсетілді.
Сондай-ақ, төтенше жағдайлардың алдын алу, оларға жедел әрекет ету, азаматтық қорғау саласындағы кадрлық әлеуетті арттыру, әлеуметтік қамсыздандыру және материалдық-техникалық базаны нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, қала аумағында орналасқан Төтенше жағдайлар департаменті, 6506 және 50120 әскери құрылымдарында кездесулер ұйымдастырылды.