Қала көшелерінде көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында жол белгілерін сызу және жаңарту жұмыстары жүйелі түрде атқарылуда. Бұл жұмыстар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жолақтар мен таңбалар – жолдағы тәртіптің кепілі. Олар көлік қозғалысын реттеп, апаттардың алдын алуға көмектеседі.
Жұмыстар түнгі және таңғы уақытта арнайы техникамен көлік қозғалысына кедергі келтірмеу мақсатында атқарылады.
Құрметті қала тұрғындары! Жолда мұқият болайық, қауіпсіздік – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз.