Шымкент қаласына қарасты Мәртөбе елді мекенінің Ақсан және Ерементау көшелерінде асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Бұл жұмыстар қала аумағындағы инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жоспарлы шаралардың бір бөлігі.
Қазіргі уақытта жол құрылысы тек көлік қозғалысы көп орталық көшелерде ғана емес, сонымен қатар шалғайдағы елді мекендердің ішкі орам көшелерінде де қарқын алып келеді. Бұл тұрғындардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер ететін маңызды өзгерістердің бірі.
Асфальт жабындысы төселгеннен кейін жол сапасы арнайы техникалық бақылаудан өтті. Тексеру нәтижелері бойынша құрылыс жұмыстары бекітілген стандарттарға сай орындалғаны анықталды.