ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА №7 АВТОБУС МАРШРУТЫ АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА №7 АВТОБУС МАРШРУТЫ АШЫЛДЫ
Бүгіннен бастап Шымкентте жаңа №7 автобус маршруты бағытқа шықты. Бұл жұмыстар қоғамдық көліктер қызметінің аясын кеңейту мақсатында жүзеге асырылып отыр.
Аталған маршрут Текесу шағынауданынан «Ордабасы алаңына» дейінгі аралықта жолаушыларды тасымалдайтын болады. Әзірге маршрут 4 кестемен 29 минуттык аралық жиілігімен қызмет көрсетеді және қажеттілікке қарай автобустар санын арттыру жоспарлануда.
Айта кетейік, бұл маршрут 2 ай бойы пилоттық режимде жұмыс істейді. Қазіргі таңда Шымкент қаласында 82 тұрақты маршрут бойынша 980 автобус жолаушыларды тасымалдап, қызмет көрсетуде.