ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕ ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕ ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті қала тұрғындары!

Қазіргі таңда Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан Қазиев көшесінің жалғасын салу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған құрылыс нысаны Арғынбеков көшесінен Төлеметов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды.

Жоба шеңберінде Қазиев көшесінің жалғасы Тұлпар шағынауданы арқылы жол салу қарастырылмағанын хабарлаймыз.

Бұл құрылыс жобасы көлік қозғалысын жеңілдету, қалалық инфрақұрылымды дамыту және қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында іске асырылуда.

Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!