ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІ ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІ ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қалсында бүгінгі таңда 80 тұрақты маршруттарда күнделікті 947 автобус жолаушыларды тасымалдауда. Аталған маршруттарға 11 көлік компаниясы қызмет көрсетіп отыр. Жалпы көліктердің саны 1150 бірлікті құрайды, оның ішінде
Маршруттарда қызмет көрсететін автобустар 100% GPS треккерлермен жабдықталған.
Қолданыстағы 615 автобус отын ретінде сығымдалған газ-метанды, 535 автобус дизель отынын пайдаланады. Қалада автомобильге газ толтыратын екі станциясы қызмет көрсетеді, биылғы жылдың соңына дейін «Shymkent Bus» ЖШС автопаркінің аумағындағы үшінші газ станциясын іске қосу жоспарлануда. Осылайша, автобустарды газбен толық және үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі шешіледі.

Түзілген шарттардың талаптары негізінде, тасымалдаушылар тарапынан қоғамдық көліктерді жаңарту жұмыстары жалғасып, биылғы жылы 19 жаңа автобус сатып алынды, сонымен қатар «Shymkent Bus» ЖШС-нің 200 автобусты сатып алуға өтінімі «Өндірістік даму қоры» АҚ-мен мақұлданды. Автобустар кезең-кезеңімен 30-40 бірлікпен 2024-2025 жылдары жеткізіледі.