ӨТЕГЕНОВ КӨШЕСІНІҢ 1-КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

ӨТЕГЕНОВ КӨШЕСІНІҢ 1-КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Қала әкімі М. Әйтенов Өтегенов көшесінің 1-кезеңі Шымкент Сити шағын ауданынан Сырым батыр көшесі аралығында атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын тексерді. Бүгінде жол құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Кезеңнің жалпы ұзындығы 970 метр, ені - 28 метр. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты. Нысанда алдымен автомобиль жолына жер негізін салу және тығыздау жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда асфальт жабындысының 2-ші қабатын төсеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, шағал тас төсеу, ирригациялық жүйелер, тротуар орналастыру жұмыстары толығымен аяқталды.

2-кезеңде Өтегенов көшесі жалғасының құрылысы Сырым батыр көшесі мен Төлеметов көшелері аралығы қамтылған. Жалпы ұзындығы - 1,2 шақырым, ені - 28 метр. Автомобиль жолында 4 жолақты жүріс бөлігі қарастырылған.

Қазіргі таңда жол негізін салу, асфальт жабындысын төсеу жұмыстары, жаяу жүргіншілер жолын салу және суағарлар орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.