Тұрғындармен кездесу өтті

Тұрғындармен кездесу өтті

Бүгін қала әкімі М.Әйтеновтің Еңбекші ауданы аумағындағы «Қарабастау», «Жұлдыз» және «Жалын» тұрғын алаптарының тұрғындарымен кездесуі өтті.

Халықпен ашық диалог орнап, 30-ға жуық күрмеуін күткен мәселе қозғалды.

Аталған кездесуде басқармаға қатысты жол инфрақұрылымы мен қоғамдық көлік қызметіне қатысты мәселелерге басқарма басшысының м.а. М.Қоқанбаев жауап берді.

Көтерілген өзекті мәселелерге қатысты қала әкімі М.Әйтенов басқарма басшыларына тұрғындармен бірлесіп жол картасын әзірлеуді, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, сметалық құжаттарды келесі бюджеттік нақтылауға ұсыну секілді тапсырмаларды жүктеді.