«Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында жүргізілген ішкі талдаудың ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

«Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында жүргізілген ішкі талдаудың  ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

 «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында жүргізілген ішкі талдаудың ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ 

 

Ішкі талдау жүргізу обьектісінің толық атауы:

«Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Басқарма).

 

Ішкі талдау жүргізудің негіздері:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары және басқарманың 2022 жылғы 19 қаңтардағы №11 бұйрығы.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың бағыты:

  • Басқарма қызметіндегі нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) немесе жұмыс тобының персоналдық құрамы:

  1. М.Қоқанбаев – басқарма басшысының орынбасары комиссия төрағасы;
  2. Д.Айнакулова – көлік және жол инфрақұрылымын дамыту және мониторинг бөлімінің басшысы;
  3. Ж.Баелов – баламалы транспорт бөлімінің басшысы;
  4. Н.Сугралиев – қоғамдық көлік бөлімінің басшысы.

Ішкі талдауға өзге субъектілердің мамандары мен сарапшылары тартылған жоқ.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 24.04.2022-24.05.2022 ж.ж. (30 күнтізбелік күн).

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:                        2021 жыл - 2022 жыл (қаңтар-маусым аралығы (1 маусымға дейінгі кезең).

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы: М.Қоқанбаев

 

KPI 1: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ БАРЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ТАЛДАУМЕН ҚАМТЫЛҒАН БӨЛІМШЕЛЕРДІҢ ҮЛЕСІ (100%).

 

2 Жоба: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

1 - міндет: Қолданыстағы құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау жұмыстарының сипаттамасы:  

ҚР азаматтық кодексінің 293-бабына сәйкес, жұмыстың бағасы смета жасау жолымен белгiленуi мүмкiн делінген. Ал, сметалық құжаттама өз кезегінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы
14 қарашадағы №249-нқ бұйрығының талаптарына сәйкес әзірленеді.

Аталмыш бұйрықтың 85-тармағында күтпеген жұмыстарға арналған қаражат және мердігерлік жұмыстарға арналған шығындар құрылыс құнының сметалық есебінің 1-9-тараулары бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары құнының
2 процент мөлшерінде анықталады және қаражат құрылыс құнының сметалық есебінің 4, 7-бағандары бойынша көрсетіледі.

Белгіленген қатты шарттық бағасы бар шарттар бойынша орындалған жұмыстар үшін есеп айырысу кезінде күтпеген жұмыстарға арналған қаражат және орындалған жұмыстарды қабылдау актілеріндегі шығындар таратып жазылмайды және тапсырыс беруші белгіленген норма бойынша төлейтіні көрсетілген.

Яғни, күтпеген жұмыстарға арналған қаражатқа қандай жұмыстар атқарылғаны немесе атқарылмағанын анықтау мүмкін емес. Бұл өз кезегінде, тәуекелге алып келуі мүмкін.

 

Осы тәуекелді алдын алу бойынша келесіні ұсынамыз:

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының                        2017 жылғы 14 қарашадағы №249-нқ бұйрығының 85-тармағына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін бойынша ұсыныс жолдансын.

 

2-міндет: Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  • Басқармада 2022 жылғы істер номенклатурасы бекітілген; Бұйрықтарды тіркеу журналдары істер номенклатурасына сәйкес рәсімделген;
  • 2021 жылдың қорытындысы бойынша: негізгі құрам бойынша - 557; жеке құрам бойынша (мемлекеттік қызметшілер) - 168; жеке құрам бойынша (азаматтық қызметшілер) - 72 бұйрық қабылданса, 2022 жылдың 1 маусымға қорытындысы бойынша: негізгі құрам - 122; жеке құрам бойынша (мемлекеттік қызметшілер) - 51; жеке құрам бойынша (азаматтық қызметшілер) - 28 бұйрық қабылданған. Талдау барысында басқарманың «Тәртіптік жазаларды алу туралы» бұйрықтарында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 84-тармағының талаптарын сақтамай,                             2021 жылғы 26 қарашадағы №150 бұйрықпен бас маман Ж.Қорғанбектың «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасын тиісті комиссия шешімісіз алып тасталғандығы анықталды. Мұндай мағыналас құқық бұзушылықтар 2021 жылдың және                 2022 жылдың 1-тоқсанның қорытындысы бойынша барлық бұйрықтарында кездеседі. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелін туындатады.

 

Ұсыным: Тәртіптік комиссиясының шешімісіз тәртіптік жазаларды алуды тоқтатып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы                                                 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етілсін.

 

  • Басқарманың ережесінде және мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарында дискрециялық өкілеттіктер және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға ықпал ететін нормалар анықталмады.

 

3-міндет: Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  • Басқарма 5 бөлімнен, 2 бағынысты мекемеден («Шымкент әуежай» АҚ, «Диспетчерлік қызметі орталығы» КММ) тұрады. Штат саны – Еңбек шартымен жұмыс істейтін қызметкерлер саны - 13.
  • 2021 жылдың 1-жартыжылдық қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметке қабылдау конкурстарын өткізу процесінде сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдері анықталмады;
  • Келісімшарт негізінде жұмыс істейтін қызметкерлер «Халықты жұмыспен қамту орталығының» жолдамасы арқылы қабылданған, тәуекелдер анықталмады;
  • Диспетчерлік қызметі орталығының басшысын тікелей бұйрықпен тағайындау арқылы жүзеге асырылғандығы анықталып, тағайындау процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі болуы анықталды.

Ұсыным: Ашықтық және әділдік қағидаты негізінде коммуналдық мемлекеттік мекеме басшыларын тағайындау процесін конкурс аясында өткізу қолға алынсын.

 

  • талдау барысында, басқарманың барлық мемлекеттік қызметшілері және басқарманың қарамағындағы мекемелердің басшылықтары тарапынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленген мерзімде жыл сайынғы кіріс пен мүлік туралы декларацияны тапсырмау және заңмен белгіленген тиісті шектеулері қабылдамау фактілері анықталмады;
  • кейбір мемлекеттік қызметшілердің жеке іс құжаттарын тексеру барысында құжаттардың толық емес екендігі анықталды.

Ұсыным: мемлекеттік қызметшілердің жеке іс құжаттары ретке келтірілсін.

  • Диспетчерлік қызметі орталығының басшысының жеке іс жасалынбағандықтан, талдау барысында кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік бермеді.

Ұсыным: Диспетчерлік қызметі орталығының басшысының жеке ісі жүргізіліп, қолданыстағы заңнамалардағы талаптарға ретке келтірілсін.

  • келісімшарт негізінде жұмыс істейтін қызметкерлердің жеке іс құжаттарын тексеру барысында кемшіліктер анықталмады;
  • 2021 жылы мемлекеттік қызметшілерге және келісімшарт негізінде жұмыс істейтін қызметкерлерге «Көтермелеу (сыйақы беру) туралы» басқарма басшысы Е.Жолдасовтың 02.12.2021 жылғы №155, 20.12.2021 жылғы №164 бұйрықтары және 16.03.2022 жылғы №22 бұйрығы негізінде сыйақылар беріліп, сыйақы беру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің белгілері орын алмаған (үйлестірілген көлемінде және ресімдеу процесінде);
  • Тәртіптік жаза қолдану барысында 2021 жылы құқық бұзушылықтың 2 фактісі Шымкент қаласы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметінің талдау қорынтындысы бойынша анықталған болатын. Атап айтқанда, тиісті түсініктемелері алынбай, басқарма басшысы Е.Жолдасовтың 2021 жылғы                       29 қаңтардағы №15 бұйрығымен Б.Шайхқа «қатаң сөгіс» және 12 сәуірдегі №45 бұйрығымен А.Назарбековке «ескерту» түріндегі тәртіптік жазалары қолданылған және бұйрықтар таныстырылмаған. Бұл ретте, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 46-бабы 1-тармағының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының                   33-тармағының талаптары бұзылғандығы анықталған.

Анықтама үшін: 2021 жылы – 13 тәртіптік жаза қолданылып, оның 8 мерзімінен бұрын алып тасталынған. 2022 жылы – 6 тәртіптік жаза қолданылып, оның 2 мерзімінен бұрын алып тасталынды.

Ұсыным: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»                             ҚР Заңының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы                                                   29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының талаптарын сақталуына бақылау күшейтілсін.

  • 2021 жылы 11 мамырда Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотының №1-9/2021 сот үкімі бойынша ҚК-нің 24 баптың 3 бөлігі және 190 баптың 3 бөлігінің 2) тармағына сәйкес, басқарманың қоғамдық көлік бөлімінің бас маманы К.К.Тулембаевқа 750 000 (жеті жүз елу мың) теңге айыппұл жазасы және өмір бойына мемлекеттік қызметте, квазимемлекеттік ұйымдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарында, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органында және мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік секторында лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалған.

Аталған үкімнің негізінде басқарма басшысының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі №111 бұйрығымен К.К.Тулембаев жұмыстан босатылып, оның тікелей бөлім басшысы Н.Сугралиевке басқарма басшысының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі №112 бұйрығымен «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылған.

  • Басқа Басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректер базасы арқылы сұрау салынып, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық әрекеттерге байланысты жауапкершілікке тартылғандар анықталмаған.

 

Ұсыным:

  • алдағы уақытта басқармада сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының қағидаларын бұзбау, лауазымдық міндеттерін қатаң сақтау жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүйелі түрде жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа жол берген жағдайда өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырылып, елеулі мөлшерде айыппұл немесе бас бостандығынан айыру жазасына сотты болуы мүмкіндігі туралы арнайы жиналыстар ұйымдастырылып, арнайы сабақтарды өткізілсін;
  • басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты әзірленіп бекітілсін. Стандарт барлық қызметшілерге таныстырылуы қамтамасыз етілсін.

 

4-міндет: Мүдделер қақтығысымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау барысында басқарма қызметіне зиян келтіруі мүмкін мүдделер қақтығысы анықталмады.

 

5-міндет: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқармада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – 4;       

  • «Өздігінен жүретін шағым көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» бойынша 2021 жылдың қорытындысы бойынша өтініштер түскен жоқ; 2022 жылдың 1 маусымға дейінгі жағдайы бойынша өтініштер түскен жоқ;
  • «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралаық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лизенция беру» бойынша 2021 жылдың қорытындысы бойынша өтініштердің саны – 20, оның ішінде қанағаттандырылғаны – 5, қанағаттандырудан бас тартылғаны – 15 (8 кері қайтарылған); 2022 жылдың 1 маусымға дейінгі жағдайы бойынша өтініштер түскен жоқ;
  • «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындғы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» бойынша түскен 2021 жылдың қорытындысы бойынша өтініштердің саны – 61, оның ішінде қанағаттандырылғаны – 61; 2022 жылдың 1 маусымға дейінгі жағдайы бойынша өтініштердің саны – 41, оның ішінде қанағаттандырылғаны – 40, қанағаттандырудан бас тартылғаны – 1;
  • «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту» бойынша 2021 жылдың қорытындысы бойынша өтініштер түскен жоқ; 2022 жылдың 1 маусымға қорытындысы бойынша өтініштер түскен жоқ;

Талдау барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты мынадай тәуекелдер мен кемшіліктер анықталды:

Біріншіден, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 222 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №318 бұйрығымен бекітілген «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары 13-2 тармағымен толықтырылған (аталған тармақ бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Яғни, 13-2 тармаққа сәйкес, аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестері «Тыңдау өткізу» процесімен толықты.

Тыңдау процесі келісідей жүргізілетін болады:

«Стандарттың 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияны не Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.».

Бірақ, бұл норма ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының                      2-тармағының 1) және 7) тармақшасына қайшы келеді деп пайымдаймыз.

Себебі, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының                                       2-тармағының 1) және 7) тармақшасына сәйкес, әкімшілік орган, лауазымды адам басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғамайтын қолайлы әкiмшiлiк актіні қабылдайтын (қызметпен айналысу құқығына лицензияны берген кезде) және әкімшілік іс бойынша шешім автоматтандырылған процесті жүзеге асыру кезінде қабылданатын (аталған қызметті көрсету тәсілі Е-лицензиялау порталы арқылы толығымен автоматтандырылған), бұл ретте әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік таңдау берілмеген жағдайларда тыңдау өткізу жүргізілмейді.

Бұдан бөлек, бұл норма көрсетілетін қызмет алушымен тікелей байланысқа жол беріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелін туындатады.

Мұнымен қоса, егер бұл қызмет бойынша өтініштерінің саны өсіп, оның ішінде бас тартудың үлесі ұлғайған жағдайда жауапты орындаушының жүктемесін арттады және бас тартудың мерзімін бұзуға әкеп соғуы ықтимал.

Мысалы, бір күнде 50 өтініш түсетін болса, 30 өтініші бойынша бас тартуға негіздер болған кезде стандартта белгіленген 5 жұмыс күнде тыңдау өткізу мүмкін болмайды.

Аталған тыңдау рәсімі «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындғы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілеті қызметінің қағидасында да көзделген.

Ұсыным: Басқарманың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидаларында көзделген тыңдау өткізу рәсімін алып тастау бойынша уәкілетте органдарға ұсыныс берілсін.

 

Екіншіден, «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралаық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лизенция беру» мемлекеттік қызметті Е-лицензиялау» порталында көрсету барысында Қағидаларда көзделмеген бизнес-процестер анықталлды. Атап айтқанда, көрсетілетін қызмет алушылар тарапынан өтініштерін кері қайтарып процесі автоматтты түрде жүргізілудің орнына, «Өтініш» түрінде түсіп, басқарманың жауапты орындаушысымен қаралады. Бұл тәуекел жатпағанымен, ақпараттық жүйедегі олқылық деп есептеуге болады.

Ұсыным: осы жағдайға байланысты «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лизенция беру» мемлекеттік қызметті Е-лицензиялау» порталында көрсету барысын оңтайландыру бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ұсыныс жолдансын.

 

6-міндет: Рұқсат етуші функцияларын жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқармада «Рұқсат етуші функциялары» «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лизенция беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте, талдау барысында анықталған тәуекелдер мен кемшіліктер бойынша ақпарат 5-міндетте көрсетілген.

 

7-міндет: Бақылау функцияларды жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқармада «Бақылау функциялары» жоқ.

 

8-міндет: Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі басқа да мәселелерге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау барысында ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі басқа да мәселелерге байланысты басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі орын алмағанымен, құқық бұзушылыққа жол берілген.

Атап айтқанда, 2021 жыл қорытындысы бойынша 28 өтініш қаралып, оның ішінде 6 өтінішке шағым жасау құқықтары түсіндірілмесе, 1 өтінішке берілген жауабы дұрыс ресімделмеген.

Бұл құқық бұзушылыққа жол берген басқарманың көлік және жол инфрақұрылымын дамыту және мониторинг  бөлімінің басшысы Д.Айнакуловаға «Ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды.

Ұсыным: Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қарау барысында орындаушылық тәртібіне тиісті ведомстволық бақылауды күшейтуді ұсынамыз.

Талдау барысында, Шымкент қаласы прокуратурасының 20.09.2021 жылғы №2-40-21-14153 заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынуына сәйкес, басқарманың бас маман-заңгері Ж.Қорғанбек тарапынан Шымкент қалалық сотының 21.04.2021 жылғы №2а-732 жеке ұйғарымын орындамағаны және кейбір талап арыздарды қараусыз қалдырылғандығы анықталып, құқық бұзушылық жол берген. Мұндай құқық бұзушылықтар сыбайлас жемқорлық факторларына әкеп соғуы ықтимал.

Ұсыным: Сот актілерінің орындалуы қатаң бақылауға алынып, талап арыздарды қараусыз қалдыру мәселесін басқарма басшысымен (немесе оны алмастыратын тұлғамен) қаралуы қамтамасыз етілсін.

 

9-міндет: Қаржы-шаруашылық қызметімен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жүргізілген сәйкестік ішкі мемлекеттік аудитімен (2021 жылғы 19 сәуірдегі аудиторлық есеп қорытынды) анықталған айналым сальдосымен бас журнал кітабында айырмашылық болуына байланысты басқарманың қаржы және бюджетті жоспарлау бөлімінің бас маман-есепшісі А.Абсаттароваға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыппұл салынды (№197-22.04.2021ж хаттамасы, АҚ «Қазпочта» бөлімшесі арқылы 28.04.2022ж төленді).

Яғни, аудит нәтижесімен «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту» ҚР Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығының 3,4 тармақтары, «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы №640 бұйрығының 16,22 тармақтары және «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығының 20,22 тармақтарын бұзу фактісі анықталған.

Ұсыным:

  • қаржы-шаруашылық қызметімен байланысты қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етілсін;
  • алдағы уақытта мағыналас бұзушылықтарды болдырмау және оны жүйеліндірмеу мақсатында мемлекеттік қызметшілердің аталған салада біліктілігін арттыру мәселесін қарастыруды ұсынамыз.

 

10-міндет: Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау.

Талдау барысында басқармада 2 кіші жасырын қызмет түрлері анықталды:

  • Объектіге (тұрғын үй, кәсіпкерлік, әлеуметтік) көлік құралдарының кіріп-шығу жолдарын ашуға рұқсат беру туралы;
  • Құрылыс салу құқығынсыз, қоршаусыз, ақысыз автотұрақ ұйымдастыру үшін келісім беру.

Ұсыным: Аталған жасырын қызметтерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне енгізу бойынша ұсынысты уәкілетті органға жолдауды қамтамасыз етілсін.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша

ішкі талдау нәтижелері

 

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат:

 

1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығының 85-тармағында анықталған реттелмеген құқықтық олқылықтар;

2) «Тәртіптік жазаларды алу туралы» бұйрықтарында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 84-тармағының талаптарын сақталмауы;

3) Диспетчерлік қызметі орталығының басшысын тікелей бұйрықпен тағайындау арқылы жүзеге асырылғандығы анықталып, тағайындау процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі болуы;

4) кейбір мемлекеттік қызметшілердің жеке іс құжаттарын тексеру барысында құжаттардың толық емес болуы;

5) Диспетчерлік қызметі орталығының басшысының жеке іс жасалынбауы;

6) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 46-бабы 1-тармағының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 33-тармағының талаптары бұзылуы;

7) 2021 жылы 11 мамырда Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотының №1-9/2021 сот үкімі бойынша ҚК-нің 24 баптың 3 бөлігі және 190 баптың 3 бөлігінің 2) тармағына сәйкес, басқарманың қоғамдық көлік бөлімінің бас маманы  К.К.Тулембаев қылмыстық жауапкершілікке тартылуы;

8) Талдау барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты мынадай тәуекелдер мен кемшіліктер анықталуы;

9) талдау барысында ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі басқа да мәселелерге байланысты басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралу барысында құқық бұзушылыққа жол берілуі;

10) аудит нәтижесімен «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту» ҚР Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығының 3,4 тармақтары, «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы №640 бұйрығының 16,22 тармақтары және «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығының 20,22 тармақтарын бұзу фактісін анықталуы;

11) Жасырын қызметтердің анықталуы.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар:

 

  • Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы №249-нқ бұйрығының 85-тармағына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін бойынша ұсыныс жолдансын;
  • тәртіптік комиссиясының шешімісіз тәртіптік жазаларды алуды тоқтатып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етілсін;
  • ашықтық және әділдік қағидаты негізінде коммуналдық мемлекеттік мекеме басшыларын тағайындау процесін конкурс аясында өткізу қолға алынсын;
  • мемлекеттік қызметшілердің жеке іс құжаттары ретке келтірілсін;
  • Диспетчерлік қызметі орталығының басшысының жеке ісі жүргізіліп, қолданыстағы заңнамалардағы талаптарға ретке келтірілсін;
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының талаптарын сақталуына бақылау күшейтілсін;
  • алдағы уақытта басқармада сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының қағидаларын бұзбау, лауазымдық міндеттерін қатаң сақтау жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүйелі түрде жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа жол берген жағдайда өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырылып, елеулі мөлшерде айыппұл немесе бас бостандығынан айыру жазасына сотты болуы мүмкіндігі туралы арнайы жиналыстар ұйымдастырылып, арнайы сабақтарды өткізілсін;
  • басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты әзірленіп бекітілсін. Стандарт барлық қызметшілерге таныстырылуы қамтамасыз етілсін.
  • Басқарманың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидаларында көзделген тыңдау өткізу рәсімін алып тастау бойынша уәкілетте органдарға ұсыныс берілсін.
  • «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лизенция беру» мемлекеттік қызметті Е-лицензиялау» порталында көрсету барысын оңтайландыру бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ұсыныс жолдансын.
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қарау барысында орындаушылық тәртібіне тиісті ведомстволық бақылауды күшейтуді ұсынамыз;
  • сот актілерінің орындалуы қатаң бақылауға алынып, талап арыздарды қараусыз қалдыру мәселесін басқарма басшысымен (немесе оны алмастыратын тұлғамен) қаралуы қамтамасыз етілсін;
  • қаржы-шаруашылық қызметімен байланысты қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етілсін;
  • алдағы уақытта мағыналас бұзушылықтарды болдырмау және оны жүйеліндірмеу мақсатында мемлекеттік қызметшілердің аталған салада біліктілігін арттыру мәселесін қарастыруды ұсынамыз;
  • Аталған жасырын қызметтерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне енгізу бойынша ұсынысты уәкілетті органға жолдауды қамтамасыз етілсін;
  • заңда белгіленген тәртіпте осы талдамалық анықтаманы басқарманың ресми интернет-ресурсына жариялауды қамтамасыз етілсін;
  • ұсынымдарды орындау бойынша іс-шаралар жоспары бекітілсін.