ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ӨТЕТІН ТОННЕЛЬ ҚҰРЫЛЫСЫ КӨКТЕМДЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ӨТЕТІН ТОННЕЛЬ ҚҰРЫЛЫСЫ КӨКТЕМДЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласындағы Рысқұлов – Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы жобасы бойынша жаяу жүргіншілер өтетін тоннель құрылысы атқарылуда. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған құрылыс жұмыстарының барысын бақылап көрді.

Жаяу жүргіншілер өтетін тоннель құрылысын толығымен аяқтау ағымдағы жылдың наурыз айына жоспарланған.

Қонаев даңғылын тоннель арқылы және Рысқұлов көшесі бойынша толықтай көліктердің қозғалысы ұйымдастырылған. Жалпы жолайрықтың көлік өткізгіштігі тәулігіне 142 мың автокөлікті құрайды.