«Е-Salyq Azamat» мобильді қосымша жүйесі іске қосылды

«Е-Salyq Azamat» мобильді қосымша жүйесі іске қосылды

Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан салық төлеушілердің жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында «Е-Salyq Azamat» (App Store және Play Market жүйесінен жүктеп алу мүмкіндігі бар) мобильді қосымша жүйесі іске қосылғанын хабарлайды.

 «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы салық төлеушілер үшін көптеген  қызмет түрлерін көрсетеді. Атап айтқанда, оның ішінде:

  • Салық әмияны арқылы жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер салық әмияның толтыру арқылы салықтарды баламалы төлеу мүмкіндігіне ие. Сонымен қатар, салық төлеуші бюджетке салықтың және басқа да міндетті төлемдердің артық немесе қате төленген сомасын есепке жатқызуға немесе қайтаруға өтініш жіберуге болады;
  • Жалпыға бірдей декларациялау бойынша салықтық есептілік нысанын тапсыру сервисімен  қамтылған;
  • Салық салу объектілері арқылы уәкілетті МО-мен бірлесіп салық салу объектілері бойынша деректердің едәуір бөлігін өзектендіру жүргізілді, соның нәтижесінде жеке тұлғалардың мүлік, жер және көлік құралдарына салынатын салықтар бойынша алдағы төлемдер сервисі іске қосылған;
  • Қызметкердің еңбек ақысы туралы мәліметтерді көруге мүмкіндік берілетін қызмет 2021 жылдан бастап іске қосылған;
  • Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы, БЖТ, электронды сервистер, калькуляторлар, жиі қойылатын сұрақтар қызметтері іске қосылған;

Келесі арнайы бейне роліктерден «Е-Salyq Azamat» қосымшасы жөнінде толығырақ танысуға болады: