Шымкент қаласында 2021 жылы 36 маршрут субсидияланады

Шымкент қаласында 2021 жылы 36 маршрут субсидияланады

Шымкент қаласында барлық тұрғын алаптар мен шағынаудандарды қамтитын жаңа маршруттық желі әзірленіп, бекітілді. Бүгінде қалада 68 бағыт қызмет көрсетеді. Жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес, бағыттардың саны 78-ге дейін артады. Сызба бойынша қаланың барлық бөліктерін жолаушылар бағыттарымен байланыстыратын 6 HUB анықталды.

Бүгінде шаһарда тұрғын алаптар қоғамдық көліктермен қамтылып, бірқатар мәселелер  оң шешімін тапты. Атап айтқанда, Солтүстік-Саяжай шағынауданына (108а жаңа автобус), Қайнарбұлақ (саяжай) шағынауданы (№70 автобус), Құрсай шағынауданы (№21 автобус), Ынтымақ-2 шағынауданы (№55 автобус), Асар, Ақжайық шағынауданы (№108 автобус), Жалын, Жұлдыз, Қарабастау тұрғын алабы (№191 автобус), Агроферма шағынауданы (№96 автобус маршрут) және Қайтпас шағынауданына (№42 жаңа автобус) жаңа автобустар қатынауда.

Биыл әлеуметтік маңызы бар бағыттарды субсидиялау жүргізіледі. 2020 жылы 5,7 миллиард теңгеге 28 маршрут субсидияланған. 2021 жылы 36 бағытқа (9,3 миллиард теңге) субсидия төленеді.