№61 автобус бағыты №150 мектепке дейін ұзартылды

№61 автобус бағыты №150 мектепке дейін ұзартылды

№61 автобус маршрутының қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізілді.Енді қоғамдық көлік Жібек жолы көшесі арқылы Тұлпар көшесі бағытында қатынап, одан әрі Көккөл көшесі бойымен бұрылып, №150 жалпы орта білім беретін мектепке дейін ұйымдастырылды.

Аталған өзгеріс тұрғындардың, әсіресе мектеп оқушылары мен ата-аналардың қатынау қолайлылығын арттыруға, сондай-ақ жол қозғалысын тиімді ұйымдастыруға бағытталған.

Қоғамдық көлік қозғалысы белгіленген кестеге сәйкес жүзеге асырылады.