Қала аумағында көлік қозғалысын бақылауға арналған мерген бейнебақылау камералары іске қосылды.
Осыған байланысты, басқарма тарапынан ҚР жол қозғалысын ұйымдастыру талаптарына сәйкес 300-ден астам 5.42 «Фотовидеофиксация» жол белгісі орнатылды. Аталған жол белгісі жол учаскесінде құқықбұзушылықтарды фото және бейне құралдары арқылы автоматты түрде тіркеу жүргізілетінін білдіреді.
Осыған орай, жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және жол белгілерінің талаптарына мұқият болуды сұраймыз.